Түркістанда 9 ел этностарының дәстүрлі және стильді киімдері таныстырылады.

«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЭТНОСӘНІ» атты VI халықаралық апталық 20 қыркүйекте Өзбекстанның Ферғана қаласында басталып, 24 қыркүйекте Түркістан қаласында жалғасады. Түркі халықтарының рухани жақындасуы және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында құрылған жобаға ТҮРIКСОЙ басшылығымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия, Тыва Республикасы, Татарстан, Саха Республикасынан (Якутия) этнодизайнерлер, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен артистер, қолөнершілер, суретшілер мен креативті индустрия өкілдері келеді.
Іс-шара барысында 20 этникалық топтаманың тұсаукесері өтеді, сонымен қатар дизайнерлер «Сәндегі этностильдің даму перспективалары» атты дөңгелек үстелге қатысады.
Сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесінде Қазақстанның әр өңірінен келген қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынады. 
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық дизайнерлер одағының мүшесі, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, суретші Әсет Жақыпбектің жетекшілігімен өтетін конкурстық пленэрде Түркістан көріністері бейнеленеді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы,  ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстандағы кәсіби жетіген мектебінің  негізін қалаушы Нұргүл Жақыпбектің «Қазақтың көне музыкалық аспабы – жетігеннің дамуы» атты авторлық шеберлік сыныбына Қазақстанның әр өңірінен келген кәсіби жетігеншілер мен жаңадан бастаған музыканттар шақырылады.
Вокалистер Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, оқытушы, профессор Айгүл Қосанованың «Ән – Ғұмыр» атты авторлық шеберлік сабағына қатыса алады.

«Түркі әлемінің этносәні» – жаңа мәдениетаралық жобалардың бірі және ол ТҮРIКСОЙ, Түркістан облысының әкімдігі, «Open Turkistan» ТАО, Qazaq-Oner ұлттық қауымдастығы, Open Travel Advisory ЖШС ұйымдастыруымен өтеді.
Еске салсақ, биылғы қыркүйек айының басында Астанада Қазақстан халқы ассамблеясы мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРIКСОЙ) арасындағы бірлескен жұмыстың құқықтық негізі іспетті Ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылған болатын. Хаттамаға ТҮРIКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қол қойды.
Хаттама аясында түркі халықтарының жақындасуына, қоғамдық дипломатияның нығаюына және дамуына, этникалық саясаттың түрлі аспектілері мен этностар арасындағы қарым-қатынас бойынша ақпарат алмасуға ықпал ететін ортақ жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру қарастырылды.

https://us16.campaign-archive.com/?u=93136ea51ce85687628c9fee0&id=a5d1faaaf7
https://www.turksoy.org/

Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину