ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Түркі халықтарының рухани жақындасуы және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында құрылған жобаға ТҮРКСОЙ басшылығымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Моңғолия, Тыва Республикасы, Татарстан, Саха Республикасынан (Якутия) этнодизайнерлер, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінен қолөнершілер, суретшілер мен креативті индустрия өкілдері арнайы келді.
«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде күні бойы қазақстандық қолөнершілер жәрмеңкесінде ұлттық нақыштағы киім-кешектер, ұлттық аспаптар, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар мен түрлі ерекше тоқыма заттары ұсынылды. Жәрмеңке 26 қыркүйек күні де жалғасады. Сондай-ақ дизайнерлердің қатысуымен Түркістан қаласының көрікті жерлерінде фотосессия жасалды.
Фестиваль барысында түркітілдес елдердің 20 дизайнері «Сәндегі этникалық стильді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстелде талқылау жүргізді. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің директоры Серік Сандыбаев қолөнершілер мен дизайнерлерге қолдау көрсетілетінін атап өтті. Жиында этникалық саясаттың түрлі аспектілері мен этностар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болды. Ақпарат және тәжірибе алмасуға ықпал ететін ортақ жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру жайы да қаралды.
Бүгін, 26 қыркүйек күні сағат 09.00-ден бастап аталған ғимаратта Қазақстанның әр өңірінен келген жетігеншілер «Жетіген – көне қазақ музыкалық аспабын дамыту» тақырыбында авторлық шеберлік сағатын өткізеді. Ал Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде сағат 11.00-13.00 аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, педагог, профессор Айгүл Қосанованың «Ән-ғұмыр» атты авторлық шеберлік сағатына қатысуға мүмкіндік бар. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық дизайнерлер одағының мүшесі, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, суретші Әсет Жақыпбектің жетекшілігімен өтетін конкурстық пленэрде Түркістан көріністері бейнеленеді. «Түркі әлемінің этносәні» VI Халықаралық фестивалі дефилемен қорытындыланады.
Айта кетейік, «Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы» атанған халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия Республикасының мәдениет министрлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. Кейіннен ТҮРКСОЙ-дың құрамына бірнеше ел енді. Биыл аталған ұйымның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтуде.

https://newqazaq.kz/95929/

Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину