ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ

Қазақ халық музыкасы - ежелден ұрпақтан ұрпаққа ән, жыр, эпос арқылы ауызба-ауыз немесе көне музыкалық аспаптар орындауымен жеткізіліп келе жатқан өнері. Ол қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Атадан балаға мирас боп қалдырылған мәдени мұра, ұлт боп қалыптасу жолында салт-дәстүрімізді сақтап, дамытуда маңызды рөлін атқарды.

Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде ұлттық болмысымызға тән ырғақтар, екпіндік ерекшеліктер көріне бастаған. Ән-жырлар келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі - ән өнері болса, екіншісі күйшілік өнер.

Қазақ ұлттық музыкасының қалыптасуы мен дамуында дәстүрлі - домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары қолданылған. Халқының сезім мен әсемдікке толы әлемін мың бұралған биі арқылы суреттеген. Дәстүрлі халық ән-жырлары ерлік пен батырлық әрі нәзік сезімдерді жырлап, құлақ құрышын қандырып, тыңдарманын батылдық пен әсемдік әлеміне жетелеп отырған. Дәстүрлі музыкалық өнер қазіргі кезде - күй, терме, ән, жыр және айтыс сияқты жанрларды қамтиды.

Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину